АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Өскемен қаласында автобус жер үйге соғылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Оқиғасы Мирный ауданының Мостовая көшесінде болған.
"Жүргізуші автобусты мас күйде жүргізген. Салдарынан рульді басқара алмай, жер үйге соғылды. Соққыдан үй тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, сол күні автобус рейске шықпағандықтан іште жолаушылар болмады.
Қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот-медициналық сараптама жасалады.