Атырауда спорт алаңдарының жағдайы сын көтермейді

Sputnik
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. "Жаңа Адамдар" жастар қозғалысының белсенділері Атыраудағы спорт алаңдарын тексеріп шықты. Осы нысандардың басым бөлігі сын көтермейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласындағы спорт алаңдарына қатысты мәселе көптен бері көтеріліп келеді. 2018 жылы "Фирма Лан" ЖШС мен әкімдік қала мектептерінде 25 спорт алаңын салуға келісті.
"Жаңа Адамдар" жастар қозғалысының белсенділері спорт алаңы салынады деген жерлерді қарап шықты.

"Көгалдың орнына жалаңаш тастар, ал егер көгал төселген болса да, бәрі жыртылған. Аяқталмаған тротуарлар, футбол қақпасының орнына кірпіштер, сақинасыз баскетбол торлары, отыратын жері жоқ орындықтар, тексерілген нысандардың барлығы осындай. Құрлысы аяқталмаған, толық жабдықталмаған, қоршаулары тесік", - дейді ұйым мүшелері.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, құрылысы аяқталмаған орындар келесі жылы жаңа бағдарламаға енеді.
Осылайша, бес жыл бұрын жасалатын жұмыс 2024 жылы толығымен аяқталады деген жоспар бар. "Жаңа Адамдар" қозғалысы әкім орынбасарының уәдесін тағы тексереміз дейді.