АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Қытайдың жол саласы мамандары өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайдыиндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары Қытайға барып, көршілес елдің жол құрылысы саласын нормативтік тұрғыда реттеу, жобалау, құрылысты жүргізу, жолды пайдаланып, автожол құрылысындағы экономикасымен танысып жатыр. Бұған қоса, қазақстандық мамандар Қытай Халық Республикасының жол құрылысы саласындағы техникалық базасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.
Жұмыс барысындағы кездесулердің бірінде институт өкілдері Цзянсу Көлік институтымен (Jiangsu Transportation Institute) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
"JSTI-мен арада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, екі елдің жол-зерттеу институтын құрып, ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қытайдағы нормативтік-техникалық базаны реформалау мәселелері қаралып, жаңа технологияларды енгізу тәртібі зерттелді. Сондай-ақ, тығыз ынтымақтастықты арттыру жөніндегі алдағы жоспарлар пысықталды", - деді "ҚазжолҒЗИ" АҚ департамент директоры деді Әсел Нұғманова.