АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Елордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматын ұстады.
Ресей Федерациясында іздеуде жүрген 20 жастағы жігіт 2022 жылы Мәскеудегі сауда үйінің бірінде ұрлық жасаған.
Сондай-ақ шекараны заңсыз кесіп өткен 36 жастағы және 2020 жылы алаяқтық жасады деп айыпталған 43 жастағы ер адам анықталды.
Ұсталғандар Астана ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.