Маңғыстау облысындағы кен орнында жұмысшы көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. "Жетібаймұнайгаз" ұңғымасында жарылыс болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды “Маңғыстаумұнайгаз” баспасөз қызметі.
"Алдын ала деректер бойынша "Жетібаймұнайгаз" ӨБ № 5613/28 ұңғымасында "Великая Стена" БК ЖШС монтаждау жұмыстарын жүргізді. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Газбен дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы, сол жерде қайтыс болды. Ол бұрғылау қондырғысының шебері, ҚХР азаматы, басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Апат болған жерге жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
"Сондай-ақ, "Великая Стена" БК ЖШС тарапынан жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілді. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек басқармасы басшылық ететін комиссия құрылуда", - делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғаны тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар жазаланады.