Астанада терезе жуушы жетінші қабаттан құлап кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 мамыр – Sputnik. Астанада көпқабатты үйдің терезесін жуған жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 1 мамырда сағат 17:33 кезінде болған.
"Терезе жуушы 9 қабатты тұрғын үйдің 7-ші қабатындағы терезелерді сырт жағынан жуып жатқанда төменге құлаған. 1988 жылы туған ер адамның альпинистік жабдықтары үзіліп кеткен. Өкінішке қарай ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді ведомство.
Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, биік ғимараттан құлайтындар саны артып барады. Жыл басынан бері бір Астана қаласында 3 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Көбінесе бұған ересектердің немқұрайдылығы және терезелерді жуу кезінде қауіпсіздікті сақтамау себеп болады, дейді құтқарушылар.
"Жұрт ойлағандай емес": терезеден құлап кете жаздаған қыздың анасы шындығын айтты