Шығыс Қазақстанда үш айда кеден заңнамасы 22 рет бұзылған

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Биыл Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелері 36 кедендік тексеру жүргізіп, 22 заң бұзушылық фактісін анықтады.
Нәтижесінде 517 мың 500 теңге көлемінде айыппұл өндірілді, қосымша 0,8 млн теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар төленді. Бұл туралы ШҚО РСК брифингінде МКД тарифтік реттеу басқармасының басшысы Қазыбек Қойшынов айтып берді, деп хабарлады YK.KZ порталы.
"Тауарларға арналған декларациялар бойынша 31 кедендік тексеру жүргізілді, 20 заң бұзушылық анықталды, 17 әкімшілік іс қозғалды. Транзиттік декларациялар бойынша 5 кедендік тексеру жүргізілді, кеден заңнамасын бұзудың 3 фактісі анықталды және 2 әкімшілік іс қозғалды, 86 мың теңгеге айыппұл өндірілді", - деді Қазыбек Қойшынов.
Сондай-ақ ол тәуекелдерді басқару жүйесі желісі бойынша 19 кедендік тексеру аясында 14 заң бұзушылық анықталған.