АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Қарағандыда 1 мамырдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер автобуспен тегін жүреді. Бұл туралы қала әкімі Мейрам Қожықов хабарлады.
"Облыс әкімінің тапсырмасын орындадық – ертеңнен бастап 18 жасқа дейінгі балаларымыз қоғамдық көлікте тегін жүреді. Барлық дайындық жұмыстары аяқталып, заң жағынан қол қойылды және келісілді, автопарктермен тиісті нұсқама жүргізілді", - деп жазды Қожықов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қала әкімінің айтуынша, балалар көлік картасын әрдайым өзімен бірге ұстап, автобустарда міндетті түрде валидаторға басқаны жөн.