Астанада ұсталған журналист босатылды

Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада ұсталған журналист Бейімбет Молдағалидың босатылғанын хабарлады.
"Біз Ішкі істер министрлігіндегі әріптестермен хабарластық. Нәтижеде Бейімбет босатылды", - деп жазды министр.
Еске сала кейік, бүгін "Власть" интернет журналының тілшісі Бейімбет Молдағалидың ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қоғам
Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ерлі-зайыпты журналист ұсталды