Ақтөбе облысында бір уақытта алты мың домбырашы күй шертті

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Ақтөбе облысының барлық өңірінде мерекеге орай "Ел бірлігі: қасиетті домбыра" атты Dombyra party шарасы өтті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.   
Ақтөбе облысындағы Dombyra party шарасына 6 мың жас домбырашы қатысты
Іс-шараға қатысушылар А.Жұбановтың "Би", Құрманғазының "Балбырауын" және Ә. Желдібаевтың "Еркесылқым" күйлерін орындады.  
Ақтөбе облысындағы Dombyra party шарасына 6 мың жас домбырашы қатысты
Облыс әкімі қазақ музыкалық аспаптарының үйірмелеріне баратын этнос өкілдерінің оқушыларына домбыра табыстады. Дарынды жастарды қолдау мақсатында тағы бірнеше балаға музыкалық студияда ән жазуға сертификаттар табысталды.