АҚШ-та тағы бір банк банкрот болды

Sputnik
АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. АҚШ-та First Republic банкі банкротқа ұшырады, деп хабарлайды unian.net .
Банктің акциялары 50 процентке арзандап кетті. Депозиттердің рекордық көлемі, шамамен, 100 миллиард теңгенің салымдары кері қайтарылып жатыр. Қазіргі кезде қаржы нарығын реттеуші органдар шұғыл банкке жаңа инвестор іздестіруге кірісті. Оны сатып алуға бірнеше банк өтініш берді. Олардың ішінде Citizens Financial Group, PNC Financial Services Group пен JPMorgan Chase бар.
First Republic АҚШ-тағы ірі 20 банктің тізіміне кірген. Өткен айдың ортасында банктің барлық активтері 229 миллиард доллар болған.
Айта кетері, соңғы екі айда АҚШ осымен үшінші банк банкротқа ұшырап отыр. Бұған дейін Silicon Valley мен Signature банкрот болған.
Бір миллионнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялай алады