Алматы облысында құрылысшының аяғы бетон араластырғышта қысылып қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшыға көмек көрсетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға 29 сәуірде болған. Зардап шегушінің аяғы сынып кеткені анықталды.
"Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары құрылыс алаңында бетон араластырғышта қысылып қалған жұмысшының аяғын болгарканың көмегімен босатты", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Оқиға орнында 5 адамнан тұратын республикалық жедел құтқару жасағының жедел тобы және Қонаев қаласының жедел құтқару жасағының 4 құтқарушысы жұмыс істеді.
Оқиға
Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйден құрылысшының мәйіті табылды