Талдықорғанда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Талдықорғандағы саяжай маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды.
Талдықорғандағы саяжай маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды
"Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Талдықорғандағы саяжай маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойма табылды
Қару-жарақ тәркіленіп, ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.