АЛМАТЫ, 30 сәуір-Sputnik. Астана қаласының №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында Рапунцель синдромы бар жасөспірімге ота жасалды.
"Ертегі кейіпкері Рапунцельдің атымен аталған бұл синдроммен ауырған адам шашын жұтып қоя береді. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Салдарынан асқазанда жиналған шатасқан шаштың көп мөлшері трихобезоардың немесе "шаш ісігінің" пайда болуына әкеліп соғады, асқазанды біртіндеп "бітеп" тастайды. Пішіні бойынша мұндай ісік асқазанның пішіні мен ұзын құйрығы жіңішке ішек сияқты болады", - деді ауруханада.
15 жастағы баланың ата-анасы дәрігерге жүгініп, қызына ФГДС процедурасын жүргізген. Өйткені жасөспірім тамақ ішкеннен кейін мезгіл-мезгіл іштің ауыруы мен құсуына шағымданды. Тексеру кезінде асқазанның трихобезоары анықталды. Жасөспірім № 2 көпсалалы балалар ауруханасының жоспарлы хирургия бөліміне жіберілді. Қызға Астананың штаттан тыс балалар бас хирургы Ринат Байгереев операция жасады.
"Науқастарда трихофагия белгілерінің пайда болуын түсіндіретін көптеген теориялар бар. Мысалы, балалық негативизм күйзеліспен күресу немесе созылмалы тамақтанбауға шалдығуы мүмкін. Трихофагия мен пикацизм денеде темірдің жетіспеушілігінен де болады", - деп түсіндірді дәрігерлер.
Рапунцель синдромының кейбір ғылыми сипаттамасында пациент құрамында темір бар препараттарды қабылдағаннан немесе целиак ауруын емдеуден өткеннен кейін шашты жұлу және жеуді тоқтатады.
Дәрігердің айтуынша, бұл ауруға шалдыққандарға психологтың міндетті кешенді көмегі қажет. Ғылыми мәліметтерге сәйкес, Рапунцель синдромы бар науқастардың 70%-ы жиырма жасқа толмаған әйелдер.
Әйелдердің шашы әдетте еркектерге қарағанда ұзын болады және олардың шаштары асқазанның шырышты қабатында тұрып қалады. Адам шашты жұтқан кезде ісік көлемі ұлғаяды және сіңірілмей массаға айналады.