АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қостанай полицейлері қайғылы оқиғаның алдын алды.
Анықталғандай, анасы үш жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен. Пәтерде қосулы болған газ плитаның үстінде шәйнек тұрған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алып, анасы үйге кіре алмай қалған.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіру туралы шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан.
Полицейлер үйгее кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.