Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Қазақстанда тұратын ұлттардың 70%-ы қазақтар, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Қазақстан халқының саны 19 808 430 адам. Оның 70,6%-ы қазақтар, 15,1%-ы орыстар болса, 3,2%-ы өзбектер, 1,9%-ы украиндар екен.
Ұйғырлар - 1,5%, немістер - 1,1%, татарлар - 0,7%, ал 0,6%-ы әзірбайжандар мен корейлер екен. Қазақтар ең көп тұратын аймақ Түркістан облысы - 1,5 млн, ал орыстардың көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың, ал ұйғырлардың көпшілігі Алматы облысында тұрады – 120.
Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың өкілдері де бар, жалпы Қазақстанда бір шаңырақ астында 124 ұлттың өкілдері тұрады.