Полиция Талдықорғанда жасөспірімді соққыға жыққандарды тапты

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 сәуір - Sputnik. Талдықорғандық полицейлер саябақта жасөспірімді жабылып ұрғандарды анықтады.
Жасөспірімдер арасындағы әлемжеттіктің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.
"Жасөспірімдер арасындағы оқиға 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақ аумағында болған. Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді.Олар 2006-2007 жылы туған оқушылары болып шықты", - делінген полицияның хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, бұл факті бойынша ҚК-нің 293-бабының 2-бөлімі "Бұзақылық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.