Димаш Еревандағы концертте армян тілінде ән шырқады

Sputnik
Димаш Құдайберген Еревандағы концертте армян тілінде ән шырқады.
Ол армян халық әні "Сарери овин мернемді" орындап, көрерменді таңғалдырды. Армян жұртшылығы қазақ әншісіне қошемет көрсетті.
"Бұл менің Армениядағы алғашқы концертім және сіз бұл сәтті менімен бөлісесіз деп үміттенемін" - деді ол.
Айта кетері, Димаш Құдайбергеннің концерттік туры 6 мамырда Түркияда жалғасады.