АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысының Алға қаласында кәмелетке толмаған балалар құрдастарын көшеде ұрып-соқты.
Видео әлеуметтік желіде таралған. Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында оқиғаның Алға қаласында болғанын анықтады.
Niva көлігіне мінген кәмелетке толмаған балалар көшеде құрдастарын кездестіріп қалған. Содан кейін оларды еш себепсіз соққыға жыққан.
Тәртіп сақшылары барлығын полиция бөліміне жеткізді. Балалармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал балалардың бірінің ата-анасына тиесілі Niva автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.