АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан президенті телерадиокешенінің құрамына кіретін "Jibek Joly" телеарнасының жаңа аппараттық-студиялық кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысына әлемдік стандартқа сай хабар тарататын және камера-роботтармен жабдықталған жаңа заманауи студия таныстырылды.
Тоқаев "Jibek Joly" телеарнасына барды
© Официальный сайт Президента Казахстана
Президентке телерадиокешеннің бас директоры Раушан Қажыбаева Ultra HD форматында лайф режимде хабар таратуға мүмкіндік беретін, жоғары технологиялық заманауи құралдар қолданылған студия жабдықтарын көрсетті.
Тоқаев "Jibek Joly" телеарнасына барды
© Официальный сайт Президента Казахстана
Телеарна бес тілде хабар таратады. Жаңалықтар студиясы ілеспе аударма жасай отырып, тікелей эфирде жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері жұмысының маңыздылығын және олардың кәсібилігін атап өтті. Президент телеарна ұжымына алғыс айтып, қызметкерлерге шығармашылық табыс тіледі.