Өңірлер

Өскеменде дәмханаға қарумен кірген ер адам жұрттың зәресін алды

Sputnik
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Өскеменде белгісіз ер адам дәмханаға атыс қаруымен кіріп, елдің үрейін ұшырды. Тамақтануға келгендер полиция шақыруға мәжбүр болды.
"Қару ұстаған ер адамды ұландықтар ішімдік ішіп отырған жерінен ұстады. Құқықбұзушының белбеуіндегі тапаншаға арналған қапшығы жұрттың көзіне түскен", - деді Қазақстан Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Ер адамның өзімен бірге газ баллондық пневматикалық қару ұстап жүргені анықталды, рұқсат құжаттары болмаған.
Ұландықтар ер адамды полиция қызметкерлеріне тапсырды.
Алматы көшесінде қарумен жүрген ер адамның видеосы тарады - полиция тергеу жүргізіп жатыр