Өңірлер

Жаңаөзендегі жарылыс: тағы екі адам қайтыс болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 сәуір - Sputnik. Жаңаөзенде жарылыстан кейін ауруханаға түскен тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жарылыстан зардап шеккен 46 және 51 жастағы екі ер адам ауыр дене жарақатын алған болатын.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер бар күшін салғанымен, пациенттерді аман алып қалу мүмкін болмады. Олардың ауруханаға түскендегі жағдайы өте ауыр болатын. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 17 сәуірде таңғы сағат бесте Жаңаөзенде 12 пәтерлі екіқабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Болжам бойынша, газ қоспасы жарылған. Салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі құлады.
Қайғылы оқиға төрт адамның – екі әйел, бір бала және бір ер адамның өмірін қиды. Үйде 12 пәтер болды, оның төртеуі қирап қалды. Кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы баспанасыз қалған 9 отбасыға пәтр берілгенін хабарлады.
Өңірлер
Жаңаөзенде жарылыс салдарынан қаза болғандардың туыстары трагедияның себебін айтты