Танымал ақын Серік Қалиев өмірден өтті

Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Танымал ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз. Азамаллаһу әжрак уә ахсәнә уә ғафәра лимәйитик", - деп жазды журналист Бекен Қайратұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, Серік Қалиевты көлік қағып кетті. Ол түнгі намаздан қайтып келе жатқан.
Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. "Жұлдыз - сезім", "Ақ моншақ", "Егіздің сыңары", "Ашық хат" өлең жинақтары жарық көрген.