АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. "Шүлбі" және "Өскемен" су электр станциялары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына өтті, деп хабарлайды Қазақстан биржа қоры Касе.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "АҚ "Шүлбі СЭС АЭС" ЖШС және "Өскемен СЭС АЭС"ЖШС-не 100% иелік етеді", - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстандағы ең ірі су электр станцияларына шетелден инвестор тарту мәселесі біраз уақытқа дейін талқыланған болатын. Ірі су электр станцияларына арабтар қызығушылық танытқан.
Алайда станциялар 100% шетелдік инвесторларға бұйырмайтыны айтылған. Су электр станциялары жөндеуді қажет ететіні туралы БАҚ беттерінде де біраз уақыттан бері жазылып келеді.