АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Ресейдің "Спорт-Экспресс" порталы алғаш рет Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын барлық хоккейшінің жалақысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Соңғы маусымда "Барыс" хоккей клубында ең көп жалақыны Линден Вей мен Никита Михайлис алған. Екеуі де 50 миллион рубль (қазіргі курспен 278,73 миллион теңге) тапты. Одан кейін Алекс Грант 45 млн рубль (250,85 млн теңге), Майкл Шапю — 26 млн рубль (144,94 млн. теңге), Крис Биграс, Юлиус Гудачек және Энтони Луис — 25 млн рубль (139,36 млн теңге), Джесси Грэм — 23 млн рубль (128,21 млн теңге), Джереми Бракко — 22 млн рубль (122,64 млн теңге), Иван Мищенко мен Нельсон Ножье — 18 млн рубль (100,34 млн теңге), ал Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев — 13 млн рубль (72,47 млн теңге) көлемінде жалақы алады.
Бұдан бөлек, Михаил Григорьев және Кирилл Максимов — 10 млн рубль (55,75 млн теңге), Әлихан Әсетов пен Егор Шалапов — 9 млн рубль (50,17 млн теңге), Никита Бояркин — 8 млн рубль (44,60 млн теңге), Егор Петухов және Аркадий Шестаков — 6 млн рубль (33,45 млн теңге), Самат Данияр, Михаил Рахманов пен Юрий Сергиенко — 5 млн рубль (27,87 млн теңге), Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков және Андрей Шутов — 4 млн рубль (22,30 млн теңге), Тамирлан Гайтамиров 3 млн рубль (16,72 млн теңге) тапты.
Айта кетері, тізіміге кейбір жас ойыншылар енбеді. Олардың ішінде Аңсар Шайхмедденов пен Дінмұхамед Қайыржан бар. Лигада хоккейшілердің ең төменгі айлығы – 1 млн рубль (5,57 млн теңге).