Астана - Ташкент бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстандық FlyArystan лоукостері шілде айынан бастап Астанадан Ташкентке тікелей рейсті іске қосады.
"3 шілдеден бастап біз Астана мен Ташкент арасындағы тікелей рейстерді жүзеге асырамыз. Рейстер Airbus A320 бортында дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұшады", - деп хабарлады әуе компаниясы.
Билет құны 21 800 теңгеден басталады, деп нақтылады тасымалдаушы.
Бұған дейін Алматы - Ашхабад, Астана мен Бішкек және Алматыдан Қытайдың Чэнду қаласына тікелей әуе рейстері ашылатынын хабарланған болатын.
Оқиға
Алматы әуежайында Қытайдың төрт азаматы ұшақтан түсірілді