АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы түн ортасында төбелес шығарған бір топ адамды ұстады.
Полицияға 28 сәуірге қараған түні Розыбакиев пен Есқараев көшелерінің қиылысында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына полицияның патрульдік экипаждары аттанды. Тәртіп сақшылары құқықбұзушылықты тоқтатып, төбелеске қатысқан барлық адамды ұстап, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Төбелеске қатысы барлардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.