Фото

Жылдың ең ықпалды 100 адамы: тізімге кімдер енді – фото

Танымал Time журналы 2023 жылдың ең ықпалды 100 адамының тізімін жариялады. Жыл сайынғы рейтингіге кім енгенін суреттер топтамасынан тамашалаңыздар
Sputnik
Рейтинг 6 санатты қамтиды: "Әртістер", "Бейне", "Пионерлер", "Көшбасшылар", "Титандар" және "Инноваторлар". Олардың әрқайсысы бойынша ең үздік өкіл таңдалды.
Мысалы, "бейнелер" қатарына танымал басылым әлемге "Ақ лотос", "Шығынға батқан қос бойжеткен" сериалдары және "Америкалық бәліш" кинотоптамасы арқылы танымал актриса Дженнифер Кулиджді енгізді.
Белла Хадид, Лионель Месси, Анджела Бассетт... тағы кімдер бұл тізімге енгенін толығырақ суреттер топтамасынан көріңіздер!
Time ұсынған 100 ықпалды адамның толық тізімін мына жерден көруге болады.
1 / 12

Ықпалды әйелдер қатарында америкалық супермодель, 26 жастағы Белла Хадид бар.

2 / 12

Басылым нұсқасы бойынша, "бейнелер" қатарында әлемге "Ақ лотос", "Шығынға батқан қос бойжеткен" сериалдары және "Америкалық бәліш" кинотоптамасы арқылы танымал актриса Дженнифер Кулидж бар.

3 / 12

"Көшбасшылар" санатына Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва енді.

4 / 12

"Новатор" санатына Диснейдің 72 жастағы басшысы Боб Айгер енді. 2018 жылы басылым оны жыл бизнесмені деп атаған болатын.

5 / 12

Иммунологтар Өзлем Турежи мен Угур Шахин Time журналы бойынша жылдың ең ықпалды 100 адамы тізіміне енді.

6 / 12

Рейтингіге америкалық актриса және "Оскар" сыйлығының иегері Анджела Бассетт де енді.

7 / 12

Осы жылы "Оскар" сыйлығын иемденген "Все везде и сразу" фильміндегі актер Ке Хю Куан жұлдыздар санатына енді.

8 / 12

Рейтингіге "Болливуд королі" – әйгілі актер Шахрукх Хан да кірді.

9 / 12

Рэпер әнші Доджа Кэт көшбасшылар қатарында.

10 / 12

Француздардың "ПСЖ" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енді. Ол осы маусымда 34 ойынға қатысып, 19 гол соғып, 18 голға пас берді.

11 / 12

Басылымның мәліметінше, өнер саласында Майкл Бакари Джордан көш бастап тұр. Ол "Фантастикалық төрттік", "Қара пантера" фильмдеріндегі және "Рокки" топтамасының тағы екі жалғасы – "Крид: Рокки мұрасы" және "Крид - 2" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал.

12 / 12

Тізімде үнділік RRR боевик фильмінің режиссері С.С.Раджамули де бар. Фильм 2022 жылдың үздік толықметражды фильмдерінің бірі ретінде танылды.