СҚО-да психдиспансерден қашқан науқас Ақмола облысынан табылды

Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. СҚО полицейлері психодиспансерден кетіп қалған азаматты іздеп тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол бес күннен бері іздеуде болған. 21 сәуірде 29 жастағы науқас Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығынан кетіп қалған.
Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады, оған әлеуметтік желілерде фото бағдарлауды таратқан еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді түрде қосылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні Ақмола облысы Мариновка ауылынан табылды. Тайынша қаласынан ер адам жолға шығып Астанаға кеткені белгілі болды. Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген. Сол мекенжайдан полиция қызметкері тапқан.
26 сәуірде іздеудегі адам Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығына оралды.