Шығыс Қазақстанда емделуші галлюцинация салдарынан мейірбикені жаралады

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында емделуші мейірбикені кеңсе пышағымен жаралады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Алтай ауданы ауруханасының хирургиялық бөлімінде емделіп жатқан адам мейірбикеге шабуыл жасаған.
"Емделуші оқиға болған күнге дейін еш ерсі мінез-құлық танытпаған. Галлюцинация салдарынан палатада жатқан көршісіне, сосын мейірбикеге кеңсе пышағымен шабуыл жасаған", - дейді баспасөз қызметі.
Пышақ мейірбикенің қолын жаралаған. Қазіргі күні ер адам психиатриялық диспансерге жатқызылды. Әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау туралы шешім сараптамадан кейін қабылданады.