АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысында Белкөл ауылының маңында адамның қаңқасы табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция қаңқаны ескі қорымнан шығып қалған болуы мүмкін деп болжап отыр.
"Далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақ зат ретінде алынды. Оқиға орнына жақын жерде мазарлар бар, болжам бойынша адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін", - дейді ведомтво.
Табылған мәйітке қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар жасалады. Полиция басқа ақпараттың жария етілмейтінін айтты.