Өңірлер

Қазақстандықтарды 825 млн теңгеге алдап соққан қаржы пирамидасының басшысы сотталды

Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде "Центр финанс" қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға сотталды.
Polisia.kz ақпаратынша, қаржы пирамидасы салымшыларды құйған ақшаның үстінен 40 пайызға дейін пайда табатынына сендіріп, 300 мың теңге мен 2 млн теңге арасында ақша жинаған. Одан бөлек автокөліктерді жоғары нарықтық бағамен сатып алып, төмен нарықтық бағамен сатқан.
197 салымшыға келтірілген шығын 825 млн теңгені құрады.
26 сәуірде Ақтөбе қалалық №2 соты "Центр финанс" қаржы пирамидасының басшысы Б.Томинді кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.