АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында полицейлер cинтетикалық есірткі шығаратын зертхананы жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
Астрахан ауданының тұрғыны тұрғылықты мекен-жайының жанынан қосалқы үй салып, ол жерді синтетикалық есірткі өгндіретін орынға айналдырған.
"Тұрғылықты жерін тінту кезінде күдіктіден 38 грамнан астам психотроптық a-PvP заты тәркіленді. Сондай-ақ "синтетика" жасау үшін пайдаланылған зертханалық жабдықтар, пластикалық канистрлер және прекурсорлар салынған шыны банкалар тәркіленді. Тиісті сараптама жасалады", - деп мәлімдеді ведомство.
Жедел қызметкерлердің айтуынша, шамамен 2022 жылдың қараша айында ер адам Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа орналасқан. Қазіргі күні сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды.