Жаңаөзенде құны 1 млрд теңге тұратын комбинат мемлекетке қайтарылды

Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты мемлекетке қайтарылды. Нысанның құны 1 миллиард теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
2019 жылы комбинат "Тазалық-С" ЖШС-іне сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Бірақ прокурорлық тексеріс кезінде басшылықтың өзіне алған міндеттерін орындамағаны анықталды. Атап айтқанда, комбинатқа арнайы техника сатып алынбаған, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген. Бұдан бөлек, полимерлі құбырлар өндірісі іске қосылмаған.
Прокуратура қадағалау актісін шығарды. Ал Жаңаөзен қаласының әкімдігі сотқа сенімгерлік шартты тоқтатуға шағым түсірді. Сот арызды қанағаттандырды. Апелляциялық инстация да бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Осылайша, баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне өтті.
Алматы әуежайының жекеменшікке заңсыз берілген нысандары мемлекетке қайтарылды