Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келеді

Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Эмомали Рахмон Қазақстанға мамыр айының басында келеді. Бұл туралы Sputnik Тәжікстан хабарлады.
Рахмонның Астанаға сапары 3 мамырға жоспарланған, оның аясында елордада екі елдің бизнес-форумы өтеді.
Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – республикалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.
Иманғали Тасмағамбетов Душанбеде Эмомали Рахмонмен кездесті