АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндер енді ресми жұмысшы санатына енеді. Яғни, жұмыспен қамтылғандар болып саналады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Жаңа заң жобасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Такси қызметін көрсетсеңіз, интернет-платформалар немесе мобильді қосымша арқылы ашық табыс тапсаңыз, қоғамдық келісімшарт жасауға міндеттелесіз.
Тиісінше, әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Министрлік жұмыссыздар қатарын осылай азайтуға белді бекем буды.