АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Шымкентте әйел ер адамды пышақтап, полицияға өзі хабарласқан.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуірде болған.
"1994 жылы туған азаматша өзімен бірге тұратын 1992 жылы туған азаматты қасақана өлтіргені туралы хабарлама түсті. Екеуінің арасында тұрмыстық жанжал туып, салдарынан әйел ер адамның кеуде тұсынан ас үй пышағымен ұрған. Ер адам сол жерде қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Қылмыстық факт бойынша іс ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша полицияда тіркелді. Сот сараптамалары жасалады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.