Қосшыда заңсыз тұрғын үй салғандар сотталды

Sputnik
КӨКШЕТАУ, 26 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының Аршалы аудандық сотында Қосшы қаласындағы заңсыз салынған тұрғын үйлердің мәселесі қаралды. Екі құрылыс компаниясының басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот материалдарына сәйкес, компания басшылары көп пәтерлі үйлерді заңсыз салған. Оған қоса, үлескерлердің ақшасын тартып, алдын ала сатып алу келісімшарттарын рәсімдеген. Жер учаскелеріне рұқсат қағаздары да болмаған. Соған қарамастан, 8 үйдің құрылысын бастап кеткен. Соның ішінде үш тұрғын үй аяғына дейін салынған жоқ.
"Құрылысы бітпеген үйлердің төртінші қабаты мансарда бөлмелері ретінде көрсетілген. Ал келісімшарттарда "пәтер" деп жазған. Соның салдарынан төртінші қабаттан пәтер сатып алған адамдар меншік құқығын рәсімдей алмады", - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, құрылыс компанияларының басшылары пәтер сатып алған адамдарды алдап, материалдық шығын келтірді. Пәтерлерді заңды түрде тапсырмаған.
Аршалы аудандық сотының шешімімен құрылыс компанияларының басшыларын кінәлі деп танылды. Екеуі де 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ амнистиямен жазаның мерзімі 1,3 жылға дейін қысқартылды. Оған қоса, үш жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және құрылыс-сәулет саласында басшылық жасауға тыйым салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысында құрылыс саласындағы басшылар сотталды