АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Текелі қаласында 8 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Жетісу облыстық төтенше жағдайлар депаратментіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға 25 сәуірде күндіз сағат 12.20-да болған. Үйде қараусыз қалған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секірген.
Жетісу облысында сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады
© Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті
"Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, ол Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылды. Белгілі болғандай, баланың жерге соғылуын ағаш бұтақтары жеңілдеткен", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар депаратменті балаларды қараусыз қалдырмауға, терезеге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес берді.