АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағының маңындағы гаражда үш адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 25 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінде болды, деп жазды "Мой город".
Алдын ала мәлімет бойынша гаражда жарылыс болған.
"Гаражда 30 шаршы метр аумақта өрт шығып, ішіндегі ВАЗ-2121 көлігі жанып кеткен. Кейін жалын жеке тұрғын үйдің шатырына шарпыған. Өрт сөндірушілер гараждан үш мәйітті тапты, сонымен қатар төрт оттегі баллоны шығарылды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сағат 21:31-де оқшауланып, 22:02-де толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен жеті техника жұмыс істеді.