АЛМАТЫ, 26 сәуір - Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылының маңынан сойылған иттер табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы Кендала кентінің аумағында орналасқан мал қорымы туралы бейнежазба анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылы кодексінің 316 - бабының 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша Талғар ауданының полициясында тіркелді", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы ПД-ның бақылауына алынды.