237 ардагерге кемінде 1,5 млн теңгеден төленеді

Sputnik
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 237 ардагері ғана қалған. Оларға 9 мамырға орай ең кемі 1,5 млн теңге төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір елімізде Ұлы Отан соғысының 237 ардагері тұрады.
"Ардагерлерге 9 мамырға тиісті материалдық көмек жасалады. Бүкіл өңірде бірдей, бірақ кей жерлерде көбірек болуы мүмкін. Әкімдіктердің ұсынысымен кемінде 1,5 млн теңге беріледі", - деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден берілетінін хабарлаған еді. Өңірде Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері ғана қалған.
Қоғам
Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі