Павлодарда кәріз жүйесінен шала туған нәрестенің денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шарана табылды.
Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Кеше Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған тірі нәресте табылып, ауруханаға жатқызылған болатын.
Павлодарда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің мәйіті табылды