АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейлік "Газпромның" Қазақстанға арналған газ бағасына қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Ресей Қазақстанға газды әділ бағамен сататынына сенетінін мәлімдеді.
"Газ бағасын "Газпром" корпорациясы мен Ресей үкіметі белгілейтінін түсінеміз. Қазақстанмен де, Беларусьпен де достық өзара қарым-қатынасты ескеріп, баға әділ болатынына сенімдіміз. Сондай-ақ біздің елдер арасындағы стратегиялық серіктестік факторы, соның ішінде экономикалық параметрлер назарға алынады", - деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Министр экспортқа шығарылатын кез келген өнімнің бағасы өзіндік құнынан құралатынын атап өтті.
Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев елдің солтүстігі мен шығысын газдандыру үшін Ресей Қазақстанға газды "Беларуське қарағанда әжептәуір төмен бағамен" беретінін мәлімдеген еді. Артынша "Газпром" бұл ақпаратты жоққа шығарды.