"Маңғыстау атом энергокомбинаты" жұмысшылары лайықты жалақы алуы керек – министр

Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев "Маңғыстау атом энергокомбинаты" ЖШС жұмысшыларының наразылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр электр энергетикасы жүйесінде біраз жылдан бері айтарлықтай күрделі жағдай қалыптасқанын мойындады. Айтуынша, тарифті бір деңгейде ұстап тұрады, жабдықтар 91 пайызға тозған. Тарифті ұстап тұру саясатынан өндірістік персоналдың жалақысы ұзақ уақыт бойы өспеген.
"Энергетикада өндірістік персоналдың орташа жалақысы 150-200 мың теңге шамасында. Әрине, біз олардың жұмысы ауыр екенін түсінеміз. Энергокеген күндіз түні жұмыс істейді. Апат болуы мүмкін, өндіріс кезінде жарақат алу қатері бар. Сол себепті аталған жағдай бақылауда. Біз МАЭК, басқа да кәсіпорындардың өндірістік персоналы лайықты жалақы алуы керек екенін түсінеміз", - деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Айтуынша, қазір инвестициялық бағдарламалардың бір бөлігін республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көзделіп отыр. Сондай-ақ компанияның меншік иелерінен инвестиция құюды сұраған.
"Өндірістік персоналдың жалақысын көтеруге жұмсалатын шығындар сметаға қосылу керек. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.
Еске салсақ, сәуір айының ортасында "МАЭК" ЖШС жұмысшылары президентке бейнеүндеу жасады. Олар кәсіпорын үнемі істен шығатынын, соның кесірінен қызметкерлер күндіз-түні апатты жағдайда және аз жалақыға жұмыс істеуге мәжбүр екенін мәлімдеді.
Жұмысшылардың айтуынша, қалыптасқан жағдайдан бүкіл өңір халқы зардап шегуі мүмкін.