МӘМС бойынша 52 мың адамға жалған медициналық қызмет көрсетілген – Көлгінов

Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер Алтай Көлгінов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі былықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көлгінов МӘМС жүйесінде кемшілік өте көп екенін мәлімдеді.
"Біріншіден, ашықтық жоқ. Бюджет ақшасы қайда кетіп жатқаны туралы толық ақпарат жоқ. Екіншіден, кейбір медициналық ұйымдар 52 мың адамға жалған медициналық қызмет көрсеткен", -дейді вице-премьер үкімет отырысында.
Қазір үкімет барлық былықты әшкерелеп, тиісті шешім қабылдамақ.
"Біз әр медициналық ұйымға бір-бір полицей қоя алмаймыз. Сондықтан оларды цифрландыру керек. Бүкіл медициналық қызметті цифрландырған жағдайда біз нақты көре аламыз", - деді ол.
Елдегі медициналық мекемелерде 3 миллионнан астам кемшілік анықталды