Америкалық Politico басылымы Киев пен Вашингтонды бір-екі айдан кейін не күтіп тұрғанын жариялады. Уақыты нақты көрсетілмегенімен, алғашқы қауесеттер қыстың басында шыға бастаған украиналық шабуылға байланысты болып отыр. Қазір олар Украина Қарулы күштері жазды күтеді деп айта бастады, деп жазды РИА Новости.
Енді мұның барлығын Пентагоннан тарап кеткен құпия ақпарат одан сайын шиеленістіріп отыр. Ол деректердің рас-өтірігін америкалық әскерилердің өздері білмейтін секілді. Бірақ басылым ұсынған сценарийді саясаттанушылар да растап отыр.
Мақала авторлары жазғандай, қарсы шабуылдан кейін "1991 жылғы шекараларды қалпына келтіру" туралы мақсаттарға қол жеткізбеумен қатар украин әскері өткен қыркүйектегі шабуылды қайталауы екіталай. Сондықтан Украина және АҚШ алдында қиын таңдау туындайды: әрі қарай не істеу керек?
Киев алдында таңдау көп емес екені белгілі. Алайда Ақ үй тез арадаөз шешімін өзгертіп, әуелгі мақсаттардан бас тартуы мүмкін. Дәл сол Politico басылымы Ауғанстанды мысал етіп алған. "АҚШ өкілдері тым үлкен мақсат қоюдың салдары қандай болатыны туралы Украинаға ескертті", - деп жазған мақала авторлары америкалықтардың кетуінен кейін елден қашуға мәжбүр болған Ашраф Ганиды үлгі етіп көрсеткен. Бұл мысалдан америкалықтардың Зеленский үшін қандай тағдыр дайындап отырғанын түсіну қиын бола қоймас.
Басылым Украина билігінің өз мақсаттарын нақты белгілей алмай отырғанын атап өтеді. Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары Киевтің Украина Қарулы күштері Қырым шекарасына жеткенде келіссөз жүргізуге дайын болатынын айтты. Ал түбектегі Украина президентінің тұрақты өкілі Тамила Ташева дипломатиялық реттеу Ресей әскері аймақтан кеткенде ғана басталуы мүмкін екенін айтты. Бірақ Путин билікте болғанша Ресеймен келіссөз мүмкін емес деп айтқан Зеленскийдің сөзіне қарағанда 2014 жылдан бері Қырымда болмаған тұрақты өкілдің мәлімдемесі әлдеқайда сенімдірек көрінеді.
Бірақ Вашингтонмен бірге Украинаның Ресейге қарсы іс-қимылдарын қаржыландырып отырған басқа да мемлекеттер шаршай бастады. Сондықтан Атлант мұхитының бергі жағындағы елдер Украина Қарулы күштерінің сәтсіздігін Киевті келіссөз үстеліне отырғызуға сылтау ретінде қабылдауы мүмкін.
АҚШ-тың өзі де күтудің созылып жатқанын түсіне бастады. Егер шабуыл тым жоғары үміттерді ақтамаса, онда соңғы бұл әскери іс-қимылды жақтаушылар да, аннексиясыз бейбітшілікті жақтаушылар да барлығына Джо Байденді кінәлайды. Біріншілері Киевтің барлық сұранысын қанағаттандырмағаны үшін, екіншілері Украинаның бюджет үшін тым қымбатқа түсіп жатқаны үшін айыптауы ықтимал.
Жалпы америкалық басылымда жарық көрген мақала оқырмандарды келіссөзге немесе қақтығысты тоқтатуға дайындап жатқан сыңайлы. Бірақ мұндай сценарий Ресей үшін тиімді ме? Кво мәртебені сақтай отырып дипломатиялық реттеу мүмкіндігі таусылған сияқты.
Ресей сыртқы істер министрі кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде арнайы операцияның басталуына қандай себептер негіз болғанын еске салды: НАТО тарапынан төнген қауіп-қатерді жою және Майдандағы төңкерісті қабылдамаған адамдарды қорғау.
"Бірақ өткен тоғыз жыл бұл мақсаттарға бейбіт жолмен жету талпыныстарының сәтті болмағанын көрсетті. Минск келісімдерінің екі пакетін, Стамбул келісімдерін Киев пен оның демеушілері өз күштерін нығайту мүмкіндігі ретінде пайдаланды", - деп жазды мақала авторы.
Енді қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін біршама бәсеңдеген НАТО-ның әскери-өнеркәсіптік кешені ұйқысынан оянып жатыр. Бірақ бұрынғы қуатты арттыру үшін бірнеше жыл күтуге тура келеді, дейді ресейлік БАҚ.