АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Шахтинскіде "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің пышақталған мәйіті табылды.
Мәйіт түскі уақытта Жеңіске 40 жыл көшесіндегі үйден шыққан өртті сөндіру кезінде табылған. Трагедияның кәсіби қызметке қатысы бар-жоғын тергеу анықтайды.
"Өрт болған жерден 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаменті 9 адамды эвакуациялады. Өрт сағат13:25-те оқшауланып, 13:31-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп түсіндірді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі patriotkaragandy паблигіне.