Өңірлер

"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

Sputnik
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің өліміне қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қарағанды облысы полиция департаментінің ақпаратынша, бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазір кінәлі адамды анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар жасалады.
Еске салсақ, кеше БАҚ Шахтинскіде "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің пышақталған мәйіті табылғанын хабарлады.
Мәйіт түскі уақытта Жеңіске 40 жыл көшесіндегі үйден шыққан өртті сөндіру кезінде табылған. Трагедияның кәсіби қызметке қатысы бар-жоғын тергеу анықтайды.
"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің мәйіті табылды – БАҚ