Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерінің көмегімен кәсіпкерді қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілерді Жаркент қаласында ұстады, деп хабарлайды polisia.kz.
Күдіктілер жергілікті кәсіпкерді қорқытып, 15 мың қытай юань талап еткен.
"Топ үш адамнан тұрады. Біреуі - Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі - Алматы облысы, үшіншісі - Жетісу облысының тұрғыны. Жәбірленуші оларға ақша беру кезінде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша (сигналдық) табылып, тәркіленді", – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша жүргізіледі. Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Telegram-ға жаз!": ресейліктерден ақша бопсалаған астаналық ұсталды